2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары




Скачати 195.84 Kb.
Назва2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары
Дата конвертації31.10.2013
Розмір195.84 Kb.
ТипДокументы
mir.zavantag.com > Философия > Документы
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Философия пәні, оның негізгі мәселелері және функциялары, ақзіргі заманғы қоғамдағы рөлі.

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).

Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

  1. Аңыз, дін, өнер, философия, ғылым: олардың жалпы және айырмашылық ерекшеліктері. Философиялық білімнің өзгешілігі.

Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.

Ғылым (араб.: علم‎ ('илм)— тану; лат. scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

  1. Ежелгі Үнді философия: ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептердің бірлігі және ерекшеліктері. Ғарыш пен адамның рухани жетілуі.

Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер

Вайшешика

Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.

Ньяя

Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.

Йога

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Миманса

Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.

Санкхья

Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Веданта

Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.

^ Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер

Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

  1. Азаптану.

  2. Азаптанудың себебі.

  3. Азаптанудан босану.

  4. Азаптанудан босануға апаратын жол.

Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:

  1. Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;

  2. Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;

  3. Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;

  4. Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;

  5. Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;

  6. Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;

  7. Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;

  8. Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.

Жайнизм

Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.

  1. Ежелгі Қытай: негізгі философиялық мектептер, олардың өкілдері, әлеуметтік-философиялық және этикалық ілімдер.

Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа қалыптасты. Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан – зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы «адамгершілікпен басқару» («жэнь чжэн») теориясын жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, «баршаның мейірбандылығы» принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған «Тәңір құдіретіне» сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүддеге шақырды. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Антика философия. Ежелгі грек философияның космоцентрикалық сипаты. Диалектиканың пайда болуы және қалыптасуының мәселелері.

  1. Софистер және олардың негізгі идеялары. Сократ.

Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды философияға, орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен, оқытушы философияға орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен , оқытушы философ ретінде де болған.

Үлкен софистер (5ғ б.э.д) Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Критий. Кіші софистер- Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми түрде жатпайды, бірақ софистердің ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған.

Қоршаған шындыққа сындық қатынас.Бәрін тәжірибеде тексеруге тапсыру, белгілі бір ойдың дұрыс бұрыстығын тексеру.Көне дәстүрлі цивилизацияның негізін қабылдау.Дәлелсіз білімге негізделген көне түсініктерді, ережелерді жоққа шығару.Мемлекет пен құқықтың нақтылықсыздығын дәлелдеуге тырысу.

Бұл философиялық мектептің қайраткерлері өздерінің дұрыстығын софизмдер логикалық әдістері арқылы  дәлелдеу.Бұл мүйізді софизмнің мысалы Сен жоғалтпаған нәрсеңе иесіз, сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың , яғни сен оған иесің бұл нәтиже софизмнің логикалық ауырлығынан емес логикалық мағыналардың дұрыс қолданбауынан болады. Көрсетілген софизмде алғашқы мысал өтірік, бірақ дұрысқа беріледі, осыдан нәтиже шығар.

Қоршаған шындыққа сындық көзқараспен қарады. Грек азаматтар арсында философияның және басқа да білімдерді таратты.

^ Сократ (грекше: Σωκράτης c. 469 / 471 BC399 BC[1]), — ежелгі грек пәлсапашысы. Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептелетін[1] ол Платонға қатты ықпал жасап, оның әсері Платонның шәкірті болған Аристотельгеде етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр.

Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да маңызды үлестер жасап, батыс пәлсапасы мықтап орналасқан негізді қалады.

  1. Аристотельдің философиялық ілімі. Платон идеялары туралы философиялық ілім.

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.

— Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші үстазы сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу арқылы өз заманына сай морфологиялық ғылыми түжырымдар жасаған. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратындығын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дүрыс түсініп, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған.[1]

Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.

  • 407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.

  • 389 ж. Оңтүстік ^ Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.

  • 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.

Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріқтігінің шарты деп жариялады. Төменгі теқтен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

  1. Эллинистикалық дәуірдің философиясы: «эпикурийліктер, стоиктер, скептиктер».

Эпикуреизм - Эпикур негізін қалаған, соның атымен аталған ежелгі гректік және римдік философиядағы материалистік бағыт. Эпикурлықтар Афинада эпикурдың өз мектебіне қалдырған бақшасында жиналатын. Бұл бақша ежелгі заманда «Бақша» деп аталды

Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —

  1. объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;

  2. бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;

  3. күдікшілдік, сенбеушілік.

Стоиктер (гр. stod - портик, үй алдындағы калка) — Эллинизм дәуірінде қалыптасқан, тіл туралы ілім тарихындағы аса ірі философиялық мектептердін бірі — Сгоаның өкілдері. іЧекгептін негізін салған Кипрдегі Китионнан шыққан Зенон (б.з.д. 336—244 жылдардың шамасы) деп есептеледі. Одан басқа оның ірі қайраткерлері Хрисипп (б. з. д. 281—209 жылдардың шамасы) және Диоген Вавилонский (б. з. д. 240—150 жылдардың шамасы) т. б. Стоиктердін шығармалары үзінді, дәйексөз, кейінгі баяндаулар түрінде жеткен.
Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдін материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады. Логосқа жету үшін білім үш кұрамнан түруы керек: логика, физика, этика. "Логика" терминін логостын ішкі және сырткы жактары туралы ілімнін атауы ретінде бірінші рет стоиктер енгізген.
Логика өз ішінде диалектика мен риторикаға бөлінген. Диалектика — "дұрыс ойлау (пайымдау)" туралы ғылым, риторика — "нақыштап сөйлей білу" туралы ілімнін таңбалық сипатына (таңбалаушы — танбаланушы) негізделген. Бірақ бұл ұғымдардын шекарасын нақты айыру қиын, себебі стоиктер сөз таптары туралы (сөздін формасы мен жасалу жолдары) ілімді "таңбалаушы", ал грамматикалык категориялар туралы ілімді "таңбаланушы" ретінде қарастырған. "Таңбалау" және "таңбалану" теориясын жасагандықтан, стоиктерді тілдін семиотикалық теориясынын негізін салған деуге болады.
Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы — дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.
Стоиктер есім мен етістіктін біркатар грамматикалық категориялары туралы ілімді бастады, олардын кейбіреуі (мысалы, септік туралы) кейін еуропалық грамматикалық еңбектерге өзгеріссіз қабылданды. Аристотельден ауысып алған "септік" термині, стоиктердін түсіндіруінше, есімнін кез келген формасын білдіреді. Егістік шактарытуралы ілімінде көне грек етістіктерінің негізгі шақтық мағыналары мен формалары жіктеліп берілген.

  1. Мұсылман Шығыс елдерінің ортағасырлық философиясы. Әл-Фарабидің, Яссауидің, Баласағұнидің, Қашғаридің философиялық көзқарастары.

Әбу Насыр Әл-Фараби (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі..

Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты.

^ Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.

Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген.

^ Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

  1. Батыс Европаның ортағасырлық философиясы. Христиандықтың діни негіздері және идеялары.




  1. Қайта өрлеу дәуірінің тән ерекшеліктері және философиядағы оның орны.

  2. Жаңа космологияның қалыптасуы, философиялық кантеизм: Н. Кузанский , Дж. Бруно, Н. Коперник және т.б.

  3. 17 ғасырдың философиясы және ғылыми революциясы. Ф. Бэконның эмпиризмі. Р. Декарттың рационализмі.

  4. Жаңа заман философиясындағы субъективті идеализмі: (Беркли, Юм)

  5. 18 ғасырда Европадағы ағартушылық философия. (Вольтер, Гольбах, Дидро, Руссо, Гердер және т.б.)

  6. Классикалық неміс философияның жалпы сипаттамасы. Гегельдің әдісі мен жүйесі. И.Канттың философиясындағы білім, сенім және адамгершілік.

  7. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.

  8. Марксистік философия: адам, оқшаулану мәнінің мәселелері.

  9. 19 ғасыр философиясы: «Өмір философиясы» (А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон)

  10. Қазақ философиясы. 14-19 ғғ. Ақындар мен жырау шығармашылығындағы дүниеге көзқарас, адамгершілік мәселелері.

  11. 19 ғасыр қазақ ағартушылықтың классиктерінің философиялық көзқарастары және гуманизмі (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин)

  12. Экзистенциализмде адам мәселесінің жаңа қарстыру: оқшаулану, «шекаралық оқиғалар», бостандық, өмір мен өлім мәселелері.

  13. Позитивизм философиясы (бірінші, екінші, үшінші)

  14. З.Фрейдтің психоаналитикалық концепцияның философиялық аспектілері

  15. Орыс философияның жалпы сипаттамасы (Бердяев, Шестов, Флоренский)

  16. Марксистік философия: тәжірибенің концепциясы, диалектика теориясы

  17. «Болмыс» философиялық категория ретінде: оның мәні және ерекшелігі. Болмыс мәселесі. Болмыстың негізгі формалары

  18. Материяның филсофиялық түсінігі және әлемнің материалдық бірлігінің ұстанымы

  19. Субстанция мәселесі. Философиялық категория ретіндегі материя. Кеңістіктің, уақыттың және қозғалыстың философиялық түсінігі

  20. Философиядағы даму идеясы. Диалектиканың заңдары. Диалектика даму концепциясы ретінде. Қазіргі заманғы синергетиканың негізгі идеялары

  21. Философия тарихында таным мәселесін шешулуі және қойылуы

  22. Философияда және ғылымда ақиқат мәселесі. Ақиқаттың критерийлері

  23. Сезімдік және рационалдық таным (олардың элементтері)

  24. Ғылым қоғамдық танымның формасы ретінде: түсінік, құрылымы, ерекшелігі, функциялары.

  25. Адам және оның болмысы философияның орталық мәселесі ретінде

  26. Қоғам жүйе ретінде. Қоғамдық өмірді талдаудың әртүрлі әдістері.

  27. Ғылыми-техникалық революция, оның мәні және негізгі ерекшеліктері

  28. Мәдениеттің философиялық түсінігі және «мәдениет философиясы» түсінігі

  29. Тарих философиясы: (К. Ясперс, Тойнби, О. Шпенглер)

  30. ХХ ғасыр философиясыя (герменевтика, структурализм және т.б.)

Схожі:

2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconГуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән таңдау компоненті бойынша болса, онда пәннің оқу бағдарламасы)
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары icon«филология және педагогика ғылымдары» факультетінің 2013-2014 ОҚу жылындағЫ

2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconМемлекеттік құрылым нысаны
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы...
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconҚазақстан республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері
Техникалық пайдалану ережелерінің орындалуы темір жол көлігінің барлық буындарының үйлесімділігін, темір жолдардың нақты және толас-сыз...
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconФилософия қайда және қашан пайда болды?
Филосфияның эволюциялық даму кезеңдері: космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconОң» деп атайды. Станция мойыншығында бір жолдан екінші жолға өту...
Негізгі жағдайда поездың тік жолды бағыты бойынша жүріп өтуге арналған. Мұндай жағдайы шартты түрде «оң» деп атайды
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconЗаконукра ї н и про охорону культурної спадщини
Ввр, 2011, n 4, ст. 22 Кодексом n 2755-vi ( 2755-17 ) від 02. 12. 2010, ввр, 2011, n 13-14, n 15-16, n 17, ст. 112 Законами n 2856-vi...
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары icon«Бекітілген» «Экономика және құқық» институтының директоры, э.ғ. к проф. Джолдасбаева Г. У
«Ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті»
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconА су, топырақ, жер-ауа және тірі ағзалар
Ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланысын кешенді түрде зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
2010-2011 оқу жылының барлық мамандықтарына арналған (күндізгі және сырттай оқу түрі) философия пәні бойынша емтихан сұрақтары iconЗвіт про діяльність студентської ради економічного факультету одау за 2010 / 2011 навчальний рік
В 2010/2011 році студентська рада економічного факультету одау виконала всі заплановані заходи, активно приймала учать у всіх університетських...
Додайте кнопку на своєму сайті:
Школьные материалы


База даних захищена авторським правом © 2013
звернутися до адміністрації
mir.zavantag.com
Головна сторінка